Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін мектеп маңындағы қоқысқа тастаған ер адам 14 жылға сотталды

Шілде 15, 2026 - 00:26
chat_bubble  0 visibility  0
Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін мектеп маңындағы қоқысқа тастаған ер адам 14 жылға сотталды

Ақтөбеде қоғамда кеңінен талқыланған қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Өзінің танысын өлтіріп, денесін ала сөмкеге салып, мектеп маңындағы қоқысқа тастаған 62 жастағы тұрғын 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 21 ақпанда болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталған азамат танысымен бірге өз үйінде ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, ер адам қонағына бірнеше рет пышақ сұққан. Соның салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Үш күннен кейін сотталушы марқұмның денесін қаладағы мектептердің бірінің маңындағы қоқыс алаңына тастап кеткен. Оны 11 наурызда аула сыпырушы тауып алған. 62 жастағы айыпталушы кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Сот барысында айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0