Ақтөбедегі кепілге алу оқиғасы: Тірі қалған жәбірленуші туралы соңғы дерек шықты
Ақтөбеде анасы және өгей әкесімен бірге кепілге алынған 40 жастағы әйел ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды sadaq.kz.
14 қаңтарға қараған түні ер адам әйелді және оның қарт ата-анасын кепілге алды. Бүгінге дейін жәбірленуші оларды босату бойынша арнайы операция қалай аяқталғанын білмеген. Оны ауруханадан туыстары алып кеткен.
"Жалпы жағдайы, денсаулығы жақсаруына байланысты науқас үйге шығарылды. Одан әрі тіркелген жері бойынша емханада бақыланады", - деп жазылған Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?