Алаштанушы маскадағы жұмбақ жігіттің Димаш Құдайберген екенін айтты
Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында әлеуметтік желілерде қайырымдылық жасап жүрген бетперделі азаматтың кім болуы мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ғалымның айтуынша, ол аталған азаматтың кім екенін шамалап білетінін жеткізген.
«Бетіне бетперде тағып, көзілдірік киген ұзын бойлы жігіттің қайырымдылық жасап жүргенін көріп жүрміз. Менің ойымша, ол – Димаш Құдайберген болуы мүмкін. Немесе Димаштың атынан игі істермен айналысып жүрген жақын досы шығар. Бір қызығы, мұндай пікірді айтып жүрген адамдар аз емес. Егер қателесіп жатсам, оған бола ренжімеймін. Қалай болғанда да, бұл – халқымыздың жанашыр азаматы. Оның жасап жүрген ісі өз қамын ғана күйттеген байларға үлгі боларлық», – деді Сұлтан Хан Аққұлы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0