Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
Алматы-Бішкек тас жолының 129-шы шақырымында болған жантүршігерлік апат жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
"Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei жүргізушісі алдында келе жатқан Howo жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктегі жеті адамның барлығы, соның ішінде жүргізуші де алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0