Алматыда 21 жастағы жұмысшы қаза тапты
Алматыдағы жеке меншік қоймалардың бірінде 21 жастағы жұмысшы қаза тапты. Оны жүк лифтісі басып қалған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 2 желтоқсанда Түрксіб ауданында болған. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшысы лифт басып қалған. Ол оқиға орнында көз жұмған.
«Түрксіб ауданының Полиция басқармасы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?