Алматыда ер адамды басына пакет кигізіп алып кеткен: үш күдікті қамауға алынды

Кадрдан екі жігіттің кіреберіске кіріп, бір-бірімен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына салып, сыртқа алып шыққан.

Қазан 12, 2026 - 12:54
 0  3
Алматыда ер адамды басына пакет кигізіп алып кеткен: үш күдікті қамауға алынды
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның басына пакет кигізілген тұрғынды көтеріп әкеткені түсірілген видео тарады. Оқиға Алматыда болғаны анықталды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған видео Threads желісінде жарияланды. Кадрдан екі жігіттің кіреберіске кіріп, бір-бірімен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына салып, сыртқа алып шыққан.

Аталған іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр екен. 

“Үш күдікті ұсталып, қамауға алынды. Істі жан-жақты әрі объективті тергеу үшін тергеу-жедел тобы құрылды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға, осы іске қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды іздестіруге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Полиция департаменті тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін айтты. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0