Арасында ТЖД қызметкерлері бар: Абай облысында төрт адам қаза тапты
Семей — Курчатов тасжолында екі жеңіл көлік соғылып, төрт адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қайтыс болғандардың екеуі — Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері,деп хабарлайды Sadaq.kz.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 тамыз күні сағат 15:30 шамасында Семей — Курчатов тасжолының 35-шақырымында орын алған. Жолда «Chevrolet Nexia» мен «Kia Rio» автокөліктері бетпе-бет соғылған.
Алдын ала болжам бойынша, «Chevrolet Nexia» жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озамын деп қарсы бағытқа шығып кетіп, «Kia Rio» көлігіне соқтығысқан.
«Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады Абай облысы ПД аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы, полиция майоры Әмір Хабибуллаев.
Қазіргі уақытта Абай облысының полициясы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0