«Арыстанбек шенеуніктерге жас қыз тауып берумен айналысқан»: тарихшы бұрынғы министрдің былығын ашты
Алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында жемқорлық бабымен сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қоғамда тараған қауесеттерді сөз етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның сөзінше, Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы түрлі әңгімелер билік пен өнер ортасында бұрыннан айтылып келген.
«2014-2019 жылдары Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды. Ел ішінде де, билік ішінде де онымен қол беріп амандасудан қашатындар болған. Ол жоғары билік шенеуніктеріне қыз тауып берумен айналысқан деген әңгімелер айтылатын. Ең бастысы, Назарбаевтың өзіне де жас қыз тауып берген деген сөз бар. Естіген құлақта айып жоқ, үшінші тоқалы Әсел Исабаеваны да Арыстанбек тауып бергенге ұқсайды. Әсел оның жақыны көрінеді. Өнер қайраткерлерінің арасында Арыстанбек туралы небір сұмдық әңгімелер бар. Би ансамбльдері бар, солардың басшыларына хабарласып, «дереу қыз тауып беріңдер» деп тапсырма беретін көрінеді. Сөйтіп, ақыры министр болды. Осындай адамдар Мәдениет министрлігін бес жыл бойы басқарды. Мен үкімет мүшелерінен, депутаттардан естігенімді айтып отырмын. Мәселе онда емес, мәселе ең жоғары саяси биліктің, саяси олимпіктің моральдық бейнесінде болып отыр», – дейді Сұлтанхан Аққұлы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0