Астанадағы өрттен көз жұмған үш баланың жерлеу рәсімі өтті (ФОТО)

Сәуір 14, 2026 - 15:44
app_badging Сәуір 14, 2026 - 15:47
chat_bubble  0 visibility  2
Астанадағы өрттен  көз  жұмған үш баланың жерлеу рәсімі өтті (ФОТО)
Фото: Жақындарынан

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған қайғылы өрттен қаза тапқан үш баланы әкесі жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Марқұмдардың үлкені 13 жастағы қыз, одан кейін 8 жастағы сіңілі мен 2 жастағы інісі болған.

Туыстарының айтуынша, апаттан тек 39 жастағы анасы Жанаргүл аман қалған. Қазіргі таңда ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Денесінің шамамен 50 пайызы күйік шалған. Ол әлі есін жимаған, болған жағдайдан хабарсыз.

Марқұм балалардың туыстары бұл қайғыны ауыр қабылдағандарын айтып, жақындары үшін дұға тілеп, сабырға шақырды. Олардың сөзінше, отбасында ерекше күтімді қажет ететін бала болған, ал анасы кәсіпкерлікпен айналысып, отбасының жағдайын жақсарту үшін еңбек еткен.

Бұған дейін өрт кезінде аулаға кіреберісті бөгеген көлік салдарынан құтқарушылардың оқиға орнына кіруі 20 минутқа кешіккені айтылған. Соның салдарынан өрт сөндірушілер жеткенде үш баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0