Астанада төрт жасар бүлдіршін көз жұмды

Мамыр 29, 2026 - 16:24
chat_bubble  0 visibility  1
Астанада төрт жасар бүлдіршін көз жұмды
Фото: Pixabay

Астана қаласында төрт жасар қыз бала көпқабатты үйдің жетінші қабатындағы терезеден құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүлдіршін алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, бала жетінші қабаттан құлаған», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Полиция терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуды және терезе маңына баланың шығуына мүмкіндік беретін жиһаз қоймауды ескертті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0