Атырауда мектеп директоры оқушыларға ұятсыз қылық көрсетті деп айыпталды
Атыраудағы мектеп директоры бұрынғы әріптесінің айыптауына ілікті.

Бұрын №30 мектепте қызмет еткен ер адамның айтуынша, 2013 жылы ол жұмысқа орналасқаннан кейін, директордың орынбасары мерекеге шақырған. Оның сөзінше, басқосу кезінде есінен айырылып, таңертең пәтерде жалаңаш күйде оянған-деп хабарлайды kznews.kz
«Пәтерде тағы екі ер адам болды. Завуч маған: «Біздің әлемге қош келдің. Енді сен бізденсің», – деді», – деп еске алады ол.
Экс-қызметкердің айтуынша, сол уақыттан кейін ол адамдармен араласа бастаған. Арада 12 жыл өткен соң, ол бұл оқиғаны ашық айтуға бел буған. Себебі сол кездегі завуч бүгінде қаладағы мектептердің бірінде директорлық қызмет атқарып жүр. Оның сөзінше, бұрынғы басшысы жиі жасөспірім жастағы ұл балаларды тауып беруін сұраған.
Атырау облыстық Білім басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
«Әлеуметтік желілерде мұғалімге қатысты тараған ақпарат бойынша басқарма тексеріс жүргізеді. Сонымен қатар хабарламаны жариялаған азаматқа оқиғаны құқықтық тұрғыдан жан-жақты әрі объективті қарастыру үшін құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады», – делінген мәлімдемеде.
Сіздің реакцияңыз қандай?






