Бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжановқа пәтер мен көліктің кілті табыс етілді

Қаңтар 16, 2026 - 17:01
 0  1
Бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжановқа пәтер мен көліктің кілті табыс етілді
Фото: ҚБФ

Бокстан елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Қайрат Сәтжановқа ерекше құрмет көрсетілді. Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев тәжірибелі маманға Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сондай-ақ, енді Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжановқа федерация тарапынан Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұл – оның отандық бокстың дамуына қосқан көпжылдық еңбегіне берілген жоғары баға.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов Қазақстанның бокс құрамасын екі мәрте басқарды. Алғашқы кезеңі 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін созылса, екінші рет 2024 жылдың тамыз айынан бастап бас бапкер қызметіне кіріскен болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0