«Басынғаны ма? Есіргені ме?»: Әуесбайдың Қанаты ресми құжатқа жеке мөрін басып, дауға қалды (ФОТО)

Сәуір 3, 2026 - 14:51
chat_bubble  0 visibility  34
«Басынғаны ма? Есіргені ме?»: Әуесбайдың Қанаты ресми құжатқа жеке мөрін басып, дауға қалды (ФОТО)
Коллаж: sadaq.kz

Ақерке Мұратқызы желі қолданушысы Facebook парақшасында жазба жариялап, журналистика факультетіне қатысты жағдайға пікір білдірді. Ол жазбасында Қанат Әуесбай мен Мәншүк Мұқашева туралы ойын ашық жеткізген, деп жазады Sadaq.kz.

Автор алдымен Қанат Әуесбайға қатысты тараған ақпаратқа тоқталып, оның қызметі кезінде болған өзгерістерді де атап өтті.

“2 жылға жетер-жетпес декан болған Қанат Әуесбайдың “кетпектей мөрі” жайлы сұмдық жаңалық желіде желдей есіп, шартарапта тарады. “Жаға ұстатарлық” жаңалықтан біз де хабардармыз. Басынғаны ма, есіргені ме? Ресми құжатқа жеке мөрін баттитып баса салғаны академиялық адалдыққа қайшы әрекет, өз университетін, мемлекетін, ондағы ережелерді сыйламау. Десе де Қанат Әуесбайдың кезінде факультет жаңаланып, аудиториялар жаңартылды, кіріп барғанға бәрімізге ыстық көрінетін дәліз жөнделді. Оны да айту керек”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар жазба авторы Мәншүк Мұқашеваға қатысты да қатаң сын айтты.

“Кезінде қасиетті, талай журналистика дүлдүлінe құтты ұя болған журфагымызды аяққа таптап, абыройын төкпек болған Мәншүк Мұқашева қайтадан декан болып алыпты дейді. Сұмдық қой. Мәншүк Мұкашева деген кісі өзі істің жөнін білмейтін, жүрген жеріне шөп шықпайтын адам. Журналистикада жөнді жұмыс істемеген, журналистердің арасында мойындалмаған да. Қазақшасы да шамалы. Ал ұлттық сананың ұясына айналған факультетке қазақша сөйлей алмайтын адам қайдан жарқ етіп басшы бола алады? Мұкашева тіпті компьютермен жұмыс істей алмайды, білім-сауаты шамалы десек те болады”, – деп пікір білдірді.

Ақерке Мұратқызы факультет тағдырына алаңдайтынын айтып, мұндай кадрлық шешімдер болашақ журналистерге кері әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0