Министрден бастап әкімге дейін бар: Дубайдағы қазақтардың үйіне зымыран түскен

Наурыз 2, 2026 - 11:07
 0  544
Министрден бастап әкімге дейін бар: Дубайдағы қазақтардың үйіне зымыран түскен
Коллаж: sadaq.kz

Иранның соққысы түскен Дубайдағы ғимаратта қазақстандықтардың 97 пәтері бар, деп жазады Sadaq.kz.

Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде Парсы шығанағындағы америкалық әскери базаларға зымыран және дрондар ұшырған. Сол соққылардың бірі Дубай қаласындағы Fairmont The Palm резиденциясына түскен.

Аталған кешеннің бір бөлігі қонақ үй ретінде жұмыс істесе, тағы екі ғимараты тұрғын үй санатына жатады. Өрт шыққан сәтте ғимараттан қалың түтін көтерілгені байқалады.

C4ADS ұйымының 2022 жылғы деректеріне сәйкес, дәл осы резиденциядан қазақстандықтар 97 пәтер сатып алған. Олардың қатарында бұрын мемлекеттік қызметте болған тұлғалардың туыстары да бар екені айтылады.

Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясынан үй алған қазақстандықтардың бір бөлігі төмендегідей:

– Бағда Баталова (экс-әкім Амандық Баталовтың әйелі)
– Мирас Мами (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы)
– Лейла Адайбекова (Берік Имашевтің әйелі)
– Әлжан Имашев (Берік Имашевтің ұлы)
– Жанар Сейдвалиева (Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы әйелі)
– Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың қызы)
– Өркен Есей (Ахметжан Есімовтың күйеу баласы)
– Алена Шенесары (Гүлжан Қарағұсованың келіні)
– Қайсын Жұмағалиева (Асқар Жұмағалиевтің анасы)
– Сержан Дүйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы өкілі)
– Руслан Ақбердиев (Президенттің күзет қызметінің бұрынғы қызметкері)
– Ғабдулхакім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде істеген генерал)
– Николай Родостовец (экс-министр)
– Ардақ Зиябек (экс-вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы)

Оқиғаға қатысты ресми мәліметтер нақтыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0