Батыс Қазақстан аумағына тағы бір дрон құлады

Батыс Қазақстан облысы аумағынан тағы бір дрон табылды.
Полиция департаменті Тасқала ауданы аумағынан табылған ұшқышсыз ұшатын аппарат құлауына қатысты пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас затты табу дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр."Нысан шалғай жерде, елді мекендерден алыс жерде құлады және ешқандай зақым келмеген, тұтас күйде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді БҚО ПД өкілі.
Айта кетейік, 18 наурызда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының тұрғындары ұзындығы үш метрге жуық белгісіз аппарат құлағанын хабарлады. Оқиға орнына полиция, аудандық әкімдік және төтенше жағдай қызметкерлері жетті.
Бұл - ұшқышсыз ұшатын аппарат БҚО аумағындағы шекараны кесіп өткен екінші жағдай.
Сіздің реакцияңыз қандай?






