Экс-министр Еуропаға елші болып барады
Ермек Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі қызметін атқарған еді
Бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрияға елші болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Көшербаев бір жыл сыртқы істер министрі болған. Ал қазіргі министр Мұхтар Тілеуберді Аустрияда елші қызметін атқарған. Биыл үкіметтің отставкасынан кейін Тілеуберді министрі болып келді. Ал Көшербаев оның орнына тағайындалып отыр.