Биыл 6 жаңа ақылы жол телімі іске қосылады

Наурыз 3, 2026 - 11:18
 0  23
Биыл 6 жаңа ақылы жол телімі іске қосылады
Фото: Үкімет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев елімізде ақылы автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оның айтуынша, елімізде жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырым болатын 26 ақылы жол телімі жұмыс істеп тұр.

Биылғы жылы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарлануда. Олар:

Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал – 554,6 км; 

Бурылбайтал-Құрты – 226,4 км;

Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат – 89 км; 

Талдықорған-Өскемен – 773 км;

Атырау-Астрахань – 277 км; 

Мерке-Шу-Бурылбайтал – 78 км.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0