ФИФА Аргентинаны Әлем чемпионатынан шеттетуі мүмкін

Шілде 16, 2026 - 17:32
chat_bubble  0 visibility  1
ФИФА Аргентинаны Әлем чемпионатынан шеттетуі мүмкін
Фото: Elsa / Getty Images

ФИФА Аргентина құрамасына қатысты тәртіптік шара қолдануы мүмкін. Бұған әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін аргентиналық футболшылардың саяси мазмұндағы баннер көтеруі себеп болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Матчтан кейін финалға шыққанын атап өткен Аргентина құрамасының ойыншылары қолына «Фолкленд аралдары – Аргентинаныкі» деген жазуы бар баннер ұстап шыққан. Қазіргі таңда ФИФА бұл әрекеттің тәртіптік регламентке сәйкестігін тексеріп жатыр.

Аргентина мен Ұлыбритания арасында Фолкленд аралдарына қатысты аумақтық дау ондаған жылдан бері жалғасып келеді. 1982 жылы екі ел арасында қарулы қақтығыс болып, соғыс Аргентинаның жеңілісімен аяқталған.

ФИФА ережесіне сәйкес, ресми жарыстар кезінде саяси сипаттағы акциялар мен мәлімдемелерге жол берілмейді. Мұндай әрекеттер тәртіптік жазаға әкелуі мүмкін. Бұған дейін Еуро-2024 турнирінде Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демирал Австрияға қарсы матчтан кейін көрсеткен «қасқыр сәлемі» ишарасы үшін екі ойынға дисквалификацияланған болатын.

Айта кетейік, 20 шілдеде өтетін әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0