Головкиннің 20 жыл түрмеде отырған бұрынғы бапкері жаңа лауазымға ие болды

Қаңтар 16, 2026 - 08:56
 0  1
Головкиннің  20 жыл түрмеде отырған бұрынғы бапкері  жаңа лауазымға ие болды
Фото: bureau.kz

Асқар Құлыбаевқа жасалған қастандық үшін түрмеде отырған Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Серік Қалиев кәсіпқой бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының басшысы Рақымжан Ерденбеков мәлімдеді. Геннадий Головкиннің және Қарағандыдан шыққан бірқатар өзге де боксшылардың бұрынғы бапкері КБФ президентінің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметіне кірісті.

«Оның мол кәсіби тәжірибесі, стратегиялық ойлау қабілеті және спорт жүйесін терең түсінуі Қазақстандағы кәсіпқой боксты дамытуда маңызды ресурсқа айналады», – деп жазды Ерденбеков.

Еске салайық, 2004 жылғы 12 мамырда Алматы қаласының орталығында жарылыс болды. Тергеу деректеріне сәйкес, бұл әрекет сол кездегі Қазақстанның әуесқой бокс федерациясының президенті Асқар Құлыбаевтың өміріне қастандық жасау мақсатында ұйымдастырылған.

Сот процесі барысында қылмысқа тапсырыс беруші ретінде ҚӘБФ басшысының орынбасары Серік Қалиев танылды. Нәтижесінде ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері ұзақ мерзімін Степногорск, Атбасар және Алматы облысындағы түзету мекемелерінде өтеді. Ол 2025 жылдың тамыз айында бостандыққа шықты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0