Иран: АҚШ базаларына шабуылдар «соңғы жеңіске дейін» жалғасады
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) АҚШ-тың аймақтағы әскери базаларына жасалатын шабуылдар «соңғы жеңіске дейін» жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы IRNA агенттігі КСИР-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, АҚШ атысты тоқтату режимін бұзды деп айыпталғаннан кейін КСИР аймақтағы америкалық әскери нысандарға алты мәрте ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасаған.
Бұған дейін Иран қарулы күштері Иордания аумағындағы Әл-Азрак әскери-әуе базасына соққы бергенін хабарлаған болатын.
АҚШ тарапы бұл мәлімдемелерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0