Иран Ормуз бұғазын ашу үшін қойылатын шарттарды атады
Иран Қарулы күштерінің өкілі Мұхаммад Акраминия Ормуз бұғазы әскери қысым немесе күш көрсету арқылы ашылмайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұғазды ашудың негізгі шарттары – АҚШ-тың Исламабадтағы өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауы, барлық әскери іс-қимылдарды тоқтатуы және Иранның егемендік құқықтарын құрметтеуі.
«Ормуз бұғазы Иранның еркі ескерілгенге дейін жабық күйінде қалады», – деді Акраминия.
Оның сөзін Mehr агенттігі келтірді. Сондай-ақ ол АҚШ пен оның одақтастарының Исламабад меморандумынан тыс Ормуз бұғазында қабылдайтын кез келген әрекетін Тегеран Иранның егемендігін бұзу деп санайтынын айтты. Мұндай әрекеттердің жолын Иран Қарулы күштері кесетінін ескертті.