«Иттері келсе де, күтіп аламын»: Нұрдәулет Қилыбай желідегі сынға жауап берді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлемге әйгілі актер Джеки Чанды әуежайда арнайы қарсы алғаны үшін сынаған желі қолданушыларына жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Әкімнің айтуынша, Джеки Чанды Маңғыстауға тарту үшін бірнеше ай бойы жұмыс жүргізілген.
"Артынан үш-төрт ай жүріп, Маңғыстауға алып келдік. Маған салсаңыз, Маңғыстауды дамытатын, экономикасына оң ықпалын тигізетін, Маңғыстауды әлем аренасында көрсететін сол кісілердің иттері келсе де, күтіп аламын", – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Әкімнің сөзінше, мұндай деңгейдегі танымал тұлғалардың өңірге келуі Маңғыстаудың туристік және инвестициялық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0