Қарағандыда Назарбаев даңғылына қарсы петиция жарияланды

Қарағaнды қаласының тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылға қарсы шығып, бұрынғы Мира атауын қайтаруды талап етті, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бастама авторының сөзінше, «Бульвар – Мира» 10 жыл бойы тұрақтылық, бірлік пен достықтың символы болғанын айтты. Ол қарағандылықтардың бірнеше ұрпағының санасына сіңген, оның тарихи құндылығы бар. Сонымен қатар, атаудың өзгеруі қала тұрғындары мен туристер арасында шатасу тудырып, навигацияны қиындатты.
«Қарағанды тарихқа бай және тарихи топонимдерді сақтау – қаланың дәстүрлерін құрметтеуге ықпал етеді. Біз биліктен Қарағандының тарихи және мәдени бірегейлігін сақтау үшін бұрынғы атауын қайтаруын сұраймыз», – деді петиция авторы.
Егер петиция 50 мың дауыс жинаса, көше атауын өзгерту туралы әкімшілікте талқыланады. Қарағанды қаласының әкімшілігі 2019 жылы берілген Бульвар Мира мен Төлепов көшелерін қосып, атауын Назарбаев даңғылына ауыстырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






