Қарт әкесін ұрып өлтірген түркістандық 5 жылға сотталды
Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, ұрып-соққан ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады sadaq.kz.
16 қаңтарда, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды:
110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.
“Сот жеңіл жазаны ауыр жазамен алмастыру арқылы айыпталушыны орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – деп үкімді оқыды судья.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0