«Қатыныңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді»: желідегі видео қызу талқыға түсті
Автор видеоны еліміздегі барлық ер адамға арнаған.
«Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді». Желі қолданушының түсірген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеода ер адамның әйелі оның аяғына массаж жасап, соңында табанын сүйген, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Массаж процесін ер адамның өзі камераға түсірген. «Осылай массаж жасап боласыздар, соңында бір бонус былай, поцелуй», - дейді әйелі.
Бұған ырза болған ер адам видеоны еліміздегі барлық ер адамға арнаған.
«Әйелдеріңіз бен жандарыңызға, қатындарыңызға жіберіңіздер. Милары сынатын сияқты ғой. «Құдай сақтасын, мен олай жасамаймын» дейтіндер болады арасында. Қолдайтындар болады. «Молодец, осылай істеу керек» деп. Ал, көрейік, кім мықты екен? Жіберіңіздер қатындарыңызға. Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді», - деген автор.
Желіде бұл видеоға қатысты әр түрлі пікір жазылған:
«Сыйластық – бұл аяқты сүю емес. Егер ол қатты құрметтесе, жабық киім киген дұрыс», «әйелін өзі қорлады, егер сіздің әпкеңіз біреудің аяғын осылай сүйсе, не сезінер едіңіз», «фу, қандай жиіркенішті», - деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?