«Қайрат» Канье Уэсттің концертіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Шілде 17, 2026 - 17:42
app_badging Шілде 17, 2026 - 17:42
chat_bubble  0 visibility  2
«Қайрат» Канье Уэсттің концертіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: ФК

Алматыда танымал рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіні хабарланғаннан кейін, "Қайрат" футбол клубының басшылығы мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, Орталық стадиондағы іс-шараны ұйымдастыру мәселесі өздерімен келісілмеген, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Клуб басшылығының мәлімдемесі "Қайраттың" әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланды.

"Бұған дейін ашық ақпарат көздерінде 14 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпарат тарады.

"Қайрат" ФК шараның жоспарланған күні клубпен келісілмегенін ресми түрде мәлімдейді. Себебі дәл осы стадионда "Қайрат" өз алаңындағы матчын өткізеді және қазір еурокубок жарыстарындағы өнерін жалғастырып жатыр.

Қазақстан премьер-лигасының күнтізбесіне сәйкес, "Қайрат" 8 және 15 тамыз күндері Орталық стадионда Қазақстан чемпионаты аясындағы өз алаңындағы матчтарын өткізуге тиіс. Сонымен қатар 11-13 тамыз аралығында клубтың еурокубоктағы әлеуетті өз алаңындағы кездесуі өтуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Клуб басшылығы мұндай ауқымды концертті өткізу сахна мен техникалық жабдықтарды ұзақ уақыт бойы орнатуды және бөлшектеуді талап ететінін, сондай-ақ бұл футбол алаңы мен стадион инфрақұрылымына едәуір жүктеме түсіретінін жеткізді.

"Тығыз спорт күнтізбесі жағдайында мұның барлығы алаң сапасына, стадионды ресми матчтарға дайындау процесіне, белгіленген талаптарға сай ойындарды өткізу мүмкіндігіне әсер етуі ықтимал.

"Қайрат" ФК Орталық стадионда кез келген бұқаралық шараны өткізу бекітілген футбол күнтізбесін міндетті түрде ескере отырып және барлық мүдделі тараппен келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтеді.

Тиісті келісім толық аяқталғанға дейін клуб 14 тамыз күні өтеді деп жоспарланған концерттің Орталық стадионда ұйымдастырылатыны туралы ақпаратты жариялауды ерте деп санайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Алматыда әйгілі америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпарат тарады. Алдымен бұл жаңалықты оның менеджері Джозеф Карре бөлісті.

Кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері танымал әртістің оңтүстік астанадағы концертіне қатысты келісімге қол жеткізілгенін растады. 

Концерт 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтетіні белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0