Қос алтын, қос қола! Қазақстан балуандары Түркиядағы беделді турнирде үздік үштікке енді

Қаңтар 15, 2026 - 16:03
Қаңтар 15, 2026 - 17:09
 0  3
Қос алтын, қос қола! Қазақстан балуандары Түркиядағы беделді турнирде үздік үштікке енді
Фото: olympics.kz

Түркияның Анталья қаласында өткен грек-рим күресінен беделді халықаралық турнирде (Яшар Догу және Вехби Эмре мемориалы) Қазақстан құрамасы қоржынға қос алтын мен қос қола салды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

2026 жылдың алғашқы екі аптасы қазақ спорты үшін тарихи жеңістерге толы болуда. Александр Бубликтің теннистегі әлемдік рекордынан кейін, грек-рим күресінің шеберлері де жеңісті эстафетаны іліп кетті.

Боз кілемдегі шиеленісті бәсекеде Юсуф Ашрапов (72 келі) пен Бағдат Сабаз (67 келі) алтын, Еркебұлан Ардақов (63 келі) және Рахат Бержанов (97 келі) қола медаль иеленді.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарына енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0