Қазақстан геологиялық барлауға рекордтық 500 млн доллар бөледі

Қаңтар 14, 2026 - 17:07
Қаңтар 14, 2026 - 17:41
 0  1
Қазақстан геологиялық барлауға рекордтық 500 млн доллар бөледі

Еліміздің тарихындағы ең ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Алдағы үш жыл ішінде жер қойнауын зерттеуге және цифрландыруға 240 млрд теңге (шамамен 500 млн доллар) бағытталады. Айта кетерлігі, бұл сома соңғы 15 жылда осы салаға салынған барлық инвестициядан ($469 млн) асып түседі, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қандай жұмыс жасалмақ?

Мамандар ескі кеңестік 1:200 000 масштабты карталардан заманауи 1:50 000 масштабқа көшеді. Бұл мәліметтердің нақтылығын 16 есеге арттыруға мүмкіндік береді. 

Жобалар аясында жерді қашықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Негізгі іздеу жұмыстары алтын, мыс және сирек кездесетін металдар (литий, кобальт және т.б.) шоғырланған учаскелерде жүргізіледі. 

Аз зерттелген Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария шөгінді бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстары жоспарланған. Жаңадан табылған кен орындары мемлекеттік теңгерімге алынып, кейіннен аукциондар арқылы инвесторларға ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0