Қазақстан мұнайын тасымалдаушы танкерлерге соққы жасалды – Reuters
Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай тиеу терминалына жақын аумақта екі мұнай танкеріне шабуыл жасалды, - деп жазады sadaq.kz.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, шабуылға ұшыраған кемелер — Delta Harmony және Matilda танкерлері. Аталған кемелер КҚК-ның теңіздегі айлақтық құрылғысында «Теңізшевройл» мен Қарашығанақ мұнайын экспорттаумен айналысатын Каспий құбыр консорциумы консорциумының мұнайын тиеуі тиіс болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы, шабуылдың сипаты мен салдары туралы ресми мәлімет берілген жоқ. Сондай-ақ танкерлердің зақымдану деңгейі мен мұнай тасымалына ықтимал әсері де нақтыланып жатыр.
Айта кетейік, КҚК терминалы Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа жеткізудегі негізгі инфрақұрылымдық нысандардың бірі саналады. Оқиғаға байланысты ресми органдар мен компания тарапынан қосымша ақпарат күтілуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0