Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

Қараша 11, 2025 - 10:45
Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

10 қарашада өткен сотта Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты. Ол өзін Шерзат Болат ісі төңірегіндегі резонанс пен "Әлімовтің жалған айғақтары" үшін соттап жатқанын айтқан еді.

Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған болатын: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам айыпталушылар қатарында болды.

Істе екі жәбірленуші бар, олар - ММА файтері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов және кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow