«Қыздарым не істеп қойды?»: Қос қызынан айырылған әке елден жанұшыра көмек сұрады
БАӘ-нің Шарджа қаласында қаза тапқан апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың отбасы қыздарының денесін әлі Қазақстанға жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Марқұмдардың жақындарының айтуынша, бойжеткендер жұмыс істеу үшін Шарджаға барған, ал 18 тамыздағы соңғы хабарламадан кейін олармен байланыс үзілген. Кейін екі қыздың денесі жалдамалы пәтерден табылған, алайда олардың неден және қандай жағдайда көз жұмғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Отбасы Сыртқы істер министрлігі тарапынан нақты көмек пен ақпарат жеткіліксіз екенін айтып, «бір адам хабарласып, көмек қолын созбады» деп наразылық білдірді, ал СІМ керісінше Дубайдағы Бас консулдық туыстармен тұрақты байланыста болып, құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатқанын мәлімдеді.
Қазір марқұмдардың әкесі туыстық қатынасты растауға қажетті сараптамадан өту үшін Шарджаға аттанбақ, содан кейін ғана қыздардың денесін елге жеткізу мәселесі шешілмек. Қайғыдан қан жұтқан отбасы мемлекеттік органдардан рәсімдерді созбай, қыздарының денесін Қазақстанға жеткізуге нақты көмек көрсетуді талап етіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0