Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада қайтыс болды
14 жастағы қала тұрғыны аяқасты денсаулығы мазалап, медициналық ұйымға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан бақилық болды.
Қызылордадағы балалар ауруханасында жасөспірім қыз көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
14 жастағы қала тұрғыны аяқасты денсаулығы мазалап, медициналық ұйымға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан бақилық болды.
Өкінішті жайтқа байланысты тексеру шаралары басталды. Бұл туралы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы мәлімдеді.
"Аталған мәселе бойынша баланың ата-анасы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірген. Соған сәйкес қазіргі таңда зерделеп, тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада
Нәтижесі қосымша хабарланады.