Қолдау білдіруге дайынбыз: Министрлік Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы туралы
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткені туралы ақпаратқа пікір білдірді.
Айта кетейік, Әлімханұлы 7 желтоқсанда Сан-Антониода WBA чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіруші жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда допинг-бақылау жағдайы бұл кездесуді өткізуге қауіп төндірді. Боксшының талдауынан мельдоний анықталған.
Қорытынды шығаруға асықпаған жөн. Бұл антидопингтік тексеріс толық аяқталғаннан кейін ғана бәрі белгілі болады. Қандай салдары болатынын да сол қорытындыдан кейін түсінеміз. Өз тарапынан Туризм және спорт министрлігі бұл мәселеден шет қалмайды. Егер қажет болса, халықаралық сарапшыларды, осы салада құқықтық баға бере алатын мамандарды тартуға дайынбыз. Титулдың тағдырына келсек, тағы да айтамын: анықталған фактіге қатысты барлық шешімдер мен салдар осы допингтің оған қалай түскені толық анықталғаннан кейін ғана белгілі болады. Барлық түсіндірмені спортшының өзі және оның командасы ұсынуы тиіс, – деді вице-министр Мәжілістің кулуарында.
Боксшы соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізген еді. Сол кезде ол француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберіп, екі чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған.
Еске салсақ, журналист Нұрбек Бекбау Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы белдікті жоғалтуы мүмкін екенін айтты.
Бақ.кз
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0