«Қорықпа, балам, мамаң келеді қасыңда»: Роза коуч Елдос Сметовты күлкі етті

Келіні мен қайын атасы артында сүмірейіп келеді деп сынады көпшілік.

Тамыз 8, 2024 - 14:19
Тамыз 8, 2024 - 15:15
«Қорықпа, балам, мамаң келеді қасыңда»: Роза коуч Елдос Сметовты күлкі етті
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, коуч Роза Әшірбаева олимпиада чемпионы Елдос Сметов әрдайым жарымен емес, анасымен бірге жүретінін айтты.

Коуч Елдос Сметовпен бірге қатарда жары емес, анасы жүріп келе жатқан видеоны жариялап арнайы жазба қалдырды. Бұл туралы ол Instagram-дағы арнасында жазды.

«Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Қолына баласын алып алады. Жан-жағында ата-анасы. Әйелі сонша баланы туып, оны күтіп-батап, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата-аналар біліңдер, бала — қонақ», — деп жазды Роза Әшірбаева.

Сондай-ақ ол Чемпионның анасымен қол ұстасқан суретін жариялап «Қорықпа балам, мамаң келеді қасыңда», — деп күлкі етті.

Желі қолданушылары да Елдос пен анасының қатарласып, артында келіні мен қайын атасының ілесіп келе жатқанын сөз қылды.

«Бұл жерде анасы дана әйел болса, өзі-ақ келінмен жарыспай, «отбасыңмен жүр, әкең екеуміз артында жүреміз» деп айту керек. Соның баласы екенін онсызда білетін шығар жиналған жұрт. Даналық жоқ өкінішке орай», «Келіні мен қайын атасы артында сүмірейіп келеді», «Әркім өз жұбымен жүрмей ме?», «Тым болмаса әкесін жанына алып жүрмеді ме, келіншегімен қатарластырмай?!», - деп жазды олар.

@koremiz_kz #елдоссметов #казакстан???????? #рекомендации ♬ Адай Құрманғазы (feat. AIDARBEKOV) - Aktoty Bolshova

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow