Қостанай облысында жол апатынан бір адам ажал құшты

Оқиға 12 қазан күні кешке Семин көшесінде болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Қазан 13, 2026 - 11:26
 0  7
Қостанай облысында жол апатынан бір адам ажал құшты
Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ бен екі мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 12 қазан күні кешке Семин көшесінде болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0