«Құда түсемін»: Бибісара Асаубаева көңіл жарастырған өзбек шахматшының әжесі

Сәуір 16, 2026 - 12:35
app_badging Сәуір 16, 2026 - 12:45
chat_bubble  0 visibility  482
«Құда түсемін»: Бибісара Асаубаева көңіл жарастырған өзбек шахматшының әжесі
Фото: әлеуметтік желі

Өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровтың әжесі оның қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаевамен қарым-қатынасы туралы тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, әзірге жастар тек дос ретінде араласып жүр.

«Қазір олар – дос, әзірге солай. Біз оларды бала кезінен танымаймыз. Әзірге дос, ертең не болатынын білмейміз. Бірақ егер оған бір қыз ұнап қалса, мен оны құда түсіп алып беремін», – деді әжесі.

Айта кетейік, кеше 20 жастағы гроссмейстер турнирдің алдыңғы турында нидерландтық шахматшы Аниш Гириді жеңіп, 9,5 ұпаймен Кипрдің Пафос қаласында өткен 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

Бүгін Бибісара Асаубаева үндістандық Дивья Дешмукхке қарсы шешуші кездесу өткізеді. Қазіргі уақытта қазақстандық шахматшы Үміткерлер турнирі кестесінде үндістандық Рамешбабу Вайшалимен бірге көш бастап тұр. Екі спортшының да еншісінде – 7,5 ұпай.

Бұған дейін БАҚ-та Жавохир Синдаров пен Бибісара Асаубаева арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат тараған болатын. Ал спортшы қыз әлеуметтік желіде олардың бірге түскен суреттерін жариялап, бұл тақырыпқа деген қызығушылықты жиі арттырып келеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 2
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0