Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды

Тамыз 31, 2026 - 12:14
 0  29
Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды
Фото: gov.kz

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ләззат Танысбай – телевизия және медиа саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

«Хабар» агенттігінің» басқарма төрағасы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, оның негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту, сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту міндеті қойылды,– деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0