Лос-Анджелестегі өрт: 5 дүркін Олимпиада чемпионының барлық медалі отқа жанып кетті
Бұл туралы спортшының әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Америкалық жүзуші Гэри Холл балалар бапкері болып жұмыс істеп келеді. Лос-Анджелестегі алапат өрттен спортшының марапаттары, медалдары мен мүлкі түгел жанып кеткен.
Кіші Холл Пасифик-Палисейдс ауданындағы жалға алынған үйінен тек иті мен екі картинаны және инсулин алып үлгерген. Бірақ, 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медалі тілсіз жаудың арасында қалып қойған. Өрт уақытында 50 жастағы бұрынғы жүзуші Сан-Диегодағы отбасына кеткен көрінеді.
Айта кетейік, Гэри Холл – Атланта, Сидней және Афина Олимпиадаларына қатысып, 5 алтын, 3 күміс және 2 қола алған данқты спортшы. Ол 2000 және 2004 жылдары жекелей сында 50 метрге еркін стильде жүзуден жеңімпаз атанған еді. Жүзушінің эстафеталық команда сапында үш дүркін әлем чемпионы деген атағы да бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?