«Мал бағып жүрген жағдайына қайта түсіпті»: Көпшілік Құндыз бен Назгүлдің жағдайына алаңдаушылық білдірді
Танымал журналист Руслан Өтепбай құлдықтан босап, қазір Таразда тұрып жатқан апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлді жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр», – деп жазды ол.
Руслан журналист Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс еткен. Әсіресе, Құндызға сыйланған микрофон қатты ұнап, ол «Таңғы елес» әнін орындап берген.
Әлеуметтік желі қолданушылары қыздардың қазіргі жағдайына алаңдап, олардың бұрынғы қалыптарына қайта келе бастағанын жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
1
Жарайсың
0