«Мен ешкімді өлтірген жоқпын»: Атыраулық хакер қиын жағдайға тап болғанын айтты

Қаңтар 15, 2026 - 10:04
 0  128
«Мен ешкімді өлтірген жоқпын»: Атыраулық хакер қиын жағдайға тап болғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Атыраулық хакерге Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның сөзінше, егер алдағы уақытта өзі аяқ астынан байланыссыз қалса немесе жоғалып кетсе, бұл Қазақстанға экстрадицияланғанын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда парақшасында алдын ала дайындалған бейнематериал жарияланатынын ескертті.

«Мен ешкімді өлтірген жоқпын, Интерпол арқылы іздейтіндей қылмыс жасаған емеспін. Тек қана қарызым бар. Арызданушылардың өзіне прокуратурадан “іс тоқтатылды” деген хабарлама келген, алайда қарыз мәселесі шешілмей қалған.

Менің ойымша, іздеуге жарияланудың себебі осы болуы мүмкін, бірақ бұл да екіталай. Себебі бұған дейін ел ішінде де іздеуде болғанмын. 

Сол кезде қарызды жауып, өзіме қатысты сұрақтар болмауы үшін қаржы жинау мақсатында қор ашқым келген, алайда қаражат жиналмады.

Мүмкін, ақша жинау басқа есепшот арқылы жүргізілгендіктен адамдар сенбеген шығар. Барлығы Алланың қалауымен. Егер тағдыр солай жазылса, одан қашып құтыла алмайсың. Менің жалғыз ниетім — адамдарға көмектесу еді. Қолдау білдірген барша жанға алғысым шексіз», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0