«Мұнда ешқандай саясат жоқ»: Нұралы Әлиевтің мәлімдемесі жұртты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Ақпан 26, 2026 - 14:15
Ақпан 26, 2026 - 14:25
 0  5
«Мұнда ешқандай саясат жоқ»: Нұралы Әлиевтің мәлімдемесі  жұртты алаңдатып қойды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Нұралы Әлиев Горельник шатқалында шомылып, қазақстандық кәсіпкерлермен бизнес-таңғы ас өткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевтың  немересі  саясат туралы сөз қозғамайтынын  айтты. 

Мұнда ешқандай саясат жоқ. Мұнда тек руханият туралы айтылады және мен бүгін соны сіздермен бөліскім келеді”, – деді ол.

Әлиевтің айтуынша, махаббат – адамға берілген сый әрі бақыттың өзі. Оның сөзінше, бұл – құдайдың вибрациясы. Сондай-ақ, Әлиев махаббаттың кімді сүйетініңізге тәуелді емес екенін айтты. 

Пікір білдірушілер марқұм Айсұлтан Назарбаевтың өмірінің соңғы жылдарындағы рухани ізденістері мен резонанс тудырған мәлімдемелерін қайта еске алды. Енді оның тағы бір туысының осыған ұқсас тылсым дүниелерге қызығушылық танытуы жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр.

Қатысушылар арасында шоу-бизнес өкілдері, кәсіпкерлер және блогерлер мен журналистер болған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0