«Өнерден кетемін»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады
Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер!
Халыққа “Қойшы бала” атымен танымал болған Айдос Кәден өнерден кететінін айтты, деп жазады Stan.kz.
Бүгінде жас әншінің продюсері Жігер Ауыпбаев емес.
“Қойшы бала өзінің ТiкTok парақшасына: “Бұйырса, ағайын, өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер”, – деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Жігермен ара-қатынасының дұрысталуын тілеп жатыр.
“Бұл балаға обал болды. Жаңа ғана танымал болып келе жатып, өзіміздің қазақ бауырлары қысым көрсетіп, көрелмаушылық болды,”, “Жұлдыз болып кетіп едің”, “Жігерден кешірім сұра”, “Продюсер ағаң қайда кетті?” деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, "Артық әңгіме айтып, қадіріңді кетірме" деп Жігер Ауыпбаев "Қойшы балаға" ескерту жасаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?