Orda.kz және ҚазТАГ ісі: Балаева министрлік журналистердің құқығын қамтамасыз етуге дайын екенін айтты

Желтоқсан 10, 2025 - 11:36
Желтоқсан 10, 2025 - 11:37
 0  4
Orda.kz және ҚазТАГ ісі: Балаева министрлік журналистердің құқығын қамтамасыз етуге дайын екенін айтты
Фото: ОКҚ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы күндері қоғам талқысына түскен елдегі бірқатар ақпарат құралдарына қатысты сот процестері яғни, Orda.kz пен ҚазТАГ агенттігіне қатысты істерді ерекше бақылап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы министр Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, елде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек.

«Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты. Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін. Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз. Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін. 

Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын», деп жазды министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0