«Өте жақсы үш үміткерім бар»: Трамп Иран басшысы лауазымына лайық үміткерлер барын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы лауазымына үш үміткер барын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"Өте жақсы үш үміткерім бар", - деді ол The New York Times басылымына берген сұхбатында. Дегенмен, Трамп үміткерлердің есімін атаудан бас тартты.
Еске сала кетейік, 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға жойқын соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің операциясы салдарынан қаза тауып, резиденциясы қиратылды. Оның орнына уақытша басшылыққа Әлиреза Арафи тағайындалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0