«Өз балаңды алдадың»: Нұрлан Абдуллин 8 жастағы ұлымен соттасып жүр

Маусым 1, 2026 - 13:00
app_badging Маусым 1, 2026 - 13:01
chat_bubble  0 visibility  3
«Өз балаңды алдадың»: Нұрлан Абдуллин 8 жастағы ұлымен соттасып жүр
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Нұрлан Абдуллин туған баласына алимент төлеуден қашып, соттасып жүр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желіде Марал Баққара есімді қолданушы әншінің баласына алимент төлемей жүргенін айтты. Оның сөзінше, қайырымдылыққа миллиондаған қаражат бөлген өнер иесі өз ұлына 25 мың теңге көлеміндегі алиментті уақытылы төлемей отырған көрінеді.

Жазба авторы Нұрлан Абдуллинді бірнеше жыл бойы жиналған алимент қарызын өтеуге шақырды.

«Абдуллин Нұрлан Мұханұлы, ұлыңның алдындағы үш жылдық алимент қарызыңды жап! Сен онсыз да ұлыңды 30 миллион теңгеге қатысты жеке есепшот мәселесінде алдап кеттің. Сен мені емес, өз балаңды алдадың. Егер балаңды қамтамасыз ете алмасаң, бала сүймеу керек еді», — деп жазды ол.

Сондай-ақ ол әншінің мемлекеттік марапаттарына қатысты да пікір білдіріп, «Парасат» орденінің не үшін берілгенін сұрақ астына алған.

Қазіргі уақытта Нұрлан Абдуллин бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0