«Қазақмыста» жұмыс істеу үшін пара беру керек пе?

Мамыр 31, 2024 - 16:11
Мамыр 31, 2024 - 16:12
«Қазақмыста» жұмыс істеу үшін пара беру керек пе?

Ұлытау облысында прокуратура «Қазақмыста» жұмыс істеу үшін пара беру керек деген деректі тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Сәтбаев қаласының 3 тұрғыны «Қазақмыс корпорациясына» жұмысқа орналастырамын деп уәде берген таныстарына алданып қалған. Олар полицияға арызданды.

Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келген.  Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

«Ұлытау облысында осыған ұқсас дерек бойынша 17 тұрғын алаяқтық құрбаны болды. 2023 жылғы 7 қыркүйекте Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Байжанов 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.  

Прокурорлар қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow