Шерзаттың ісіне алаңдаймын – Айжан Аймағанова
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев сотында танылған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасында Шерзат ісіне қатысты пікірін айтты, деп жазады inbusiness.kz.
– Біздің жазбаның астына және айдарымызға сіздерден Шерзаттың ісі бойынша көп сұрақ келуде.
Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегімді қозғады, бірақ, бәрі заңға сәйкес болады.
Біз бір қағиданы түсіну керек: әрбіреуіміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару – міндет.
Мен сенімдімін, Алматы облысынғы менің әріптестерім өз жұмысын адал атқаруда, - дейді прокурор.
Аталған жазбаға оқырмандары да жаппай пікір жазып жатыр. Көбі прокурордың кәсіби қызметін жоғары бағалап, істі өз бақылауына алуын өтінген.
Еске салайық, қоғамда Шерзат ісінен басталған оқиға шиеленіске толы болып кетті. Марқұмның өлімінен соң, үйі өртенсе, немере ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі де көпшілікті дүр сілкіндірді. Артынша әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалса, әпкесі Бақыт та 15 тәулікке қамалып, депортацияланған болатын. Сондай-ақ, тағы бір әпкесі Салтанат айыппұл арқалады.
Сіздің реакцияңыз қандай?