Шымкентте аудан әкімі қызметкерді ұрды: әкімдік желіде тараған видеоға түсінік берді

Наурыз 3, 2026 - 09:52
 0  2
Шымкентте аудан әкімі қызметкерді ұрды: әкімдік желіде тараған видеоға түсінік берді
фото: видеодан скриншот

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы әкімінің қызметкерге күш қолданғаны көрсетілген видео тарады. 

Осыған байланысты Шымкент қаласы әкімдігі ресми түсінік берді.

«Әлеуметтік желіде қаладағы аудан әкімдерінің бірі қатысқан болуы мүмкін оқиға бейнеленген видео таралып жатыр. Аталған дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ қала әкімдігі заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын басшылыққа алатынын мәлімдеді.

«Егер таралған бейнежазбада көрсетілген жайттар расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тексеру аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Нәтижелері туралы қосымша хабарланады», – деп жауап берді ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0