ШҚО-да ерлі-зайыпты зейнеткерлер бір күнде қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Уварово ауылындағы Орталық көшесіндегі жер үйде өрт шығып, ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1948 жылғы үй иесі өрт сөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан үйден шығып үлгерген, бірақ түтіннен уланып қалған.
Оқиға орнына келген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері реанимациялық шаралар жүргізген, бірақ зейнеткерді аман алып қала алмады.
Өртті сөндіру кезінде төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері үйден үй иесінің жұбайы –1953 жылғы әйелдің денесін тапты.
80 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Себебі анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0