Талғар тұрғыны қызының көзінше әйелін пышақтап тастаған (ФОТО)
Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында әйел адам кісі қолынан қаза тапты. Оны өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық жұбайына пышақпен екі рет соққы жасап, салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.
Әйелдің денесіндегі жарақаттарды туыстары анықтаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", — деп хабарлады полиция.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0